Таразда жасөспірім қызға азғындық әрекет жасаған адамға үкім шықты

1349

Ол 25 жыл бас бостандығынан айырылды. 

Таразда жасөспірім қызға азғындық әрекет жасаған адамға үкім шықты

Таразда мектеп дәретханасында 12 жастағы қызды зорлаған адамға қатысты сот үкімі шықты. Ол 25 жыл бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сотталушы химиялық кастрациядан өткізіледі, деп хабарлайды Atameken Business.

Бұған қоса, жәбірленушіге 5 млн теңге көлемінде моральдық зиянды өтеуге тиіс.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр қараша айында 7-сынып оқушысына қаскөй дәретханада зорлық көрсеткен еді. Бақылау камераларында қылмыскердің мектеп айналасында бір сағат жүргені көрінеді. Бірақ оқу орны қызметкерлерінің ешқайсысы күдікті адамға назар аудармаған.

Осы оқиғадан соң мектеп директоры, орынбасары, мұғалім және вахтер қызметінен босатылды. Сондай-ақ, Президент Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаевты жұмыстан босатуды тапсырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу