Таразда жемқорлардан алынған жерге мектеп салынады

562

Таразда жемқорлардан алынған жер теліміне мектеп пен көп бейінді жастар орталығы салынатын болды.  

Таразда жемқорлардан алынған жерге мектеп салынады

Сонымен қатар көпқабатты тұрғын үйлер де тұрғызылады, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Антикордың мәліметінше, жер қатынастары бөлімінің басшысы 3,5 гектар әкімдік жерін егістік мақсаттағы шаруаның теліміне заңсыз алмастырып жіберген. Соның салдарынан мемлекетке 238 млн теңге көлемінде залал келді. Жауапты бөлімнің экс-басшысы әккі әрекетін сектор меңгерушісімен бірігіп, 2021 жылы іске асырған. Кәсіпкерлік мақсатқа арналған жер телімі 14-шағын ауданда орналасқан. Ал учаскені өз атына рәсімдеген шаруа жердің бір бөлігін өзге кәсіпкерге сатып үлгерген. Құзырлы органдар екі тарап осылайша пайда табуды көздеуі мүмкін деген болжам айтып отыр.

Қазір жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды. 

"Қазіргі уақытта Тараз қаласы жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы және аталған бөлімнің бұрынғы сектор меңгерушісі ұсталды. Тараз қаласы сотының санкциясымен қамауға алынды ол кісілер. 361-бап 4-бөлігімен қазір іс қозғалып жатыр", - деп мәлімдеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Ахметқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу