Таразда жойқын дауылдан үш адам ажал құшты. Олардың бірі 14 жасар бала. Жеткіншекті қатты жел кезінде тоқ соққан көрінеді. Сондай-ақ оның қасында болған қыз бала қазір ауруханада жатыр. Ал, бұдан өзге қаза тапқан екі адам құрылысшы болып істеген. Олар дауыл соққан сәтте үйдің шатырын жауып жүрген екен. Қатты жел оларды ұшырып жіберген. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, дүлей дауылдың жылдамдығы секундына 27 метрге дейін жеткен. Қатты жел Таразбен қатар оңтүстіктің өзге қалаларында да болды. Шымкентте де ағаштар құлап, электр желілері үзілген. Абырой болғанда онда адам шығыны жоқ. Алайда, мамандар дауылдың әлі қайталануы мүмкін екенін ескетуде. Тіпті, Шымкент билігі тұрғындарды ертең мүмкіндігінше үйлерінен шықпауды сұрауда. Себебі, қатты жел тұрып, жаңбыр жауады деп күтілуде.