Осылайша электронды төлем құны ересектердікі - 85, оқушылардыкі - 40 теңге болды. Ал қолма-қол жолақы өзгеріссіз қалды. Ондағы билет құны 130 теңгені құрайды. Әлбетте өсім тұрғындардың наразылығын тудырды. Қала әкімдігі бұған жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектердің қымбаттауы себеп деп түсіндіруде. Дегенмен, өзге өңірлермен салыстырғанда әлдеқайда арзан екендігін айтып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу