Таразда жүкті әйелдің үстіне бағдаршам құлады

411

Салдарынан болашақ ана құлап, есін жоғалтқан. Ол ауруханаға жеткізілді. 

Таразда жүкті әйелдің үстіне бағдаршам құлады Фото: pixabay.com

Таразда жолдан өтіп бара жатқан 21 жастағы жүкті қыздың үстіне бағдаршам құлады. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін көлік бағдаршамға жылдамдықпен кіріп кеткен, оның күшінен бағдаршам әйелдің басына құлаған.

Зардап шегуші есінен танып, миы шайқалып ауруханаға түскен. Жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалды, кейін полиция оны тауып, екі айыппұл салды.

"Қазіргі уақытта науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Жүктілігінің 10 аптасы, маңдай аймағының тері астындағы гематомасы бар. Операциясыз толық жазылады", - деді Тараз қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сәкен Жұмашев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу