Таразда жылына 2 мың дана ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыт салынады

193

Жобаның инвесторы – Қытай Халық Республикасының "Kaz FM World agriculture machinery" компаниясы.

Таразда жылына 2 мың дана ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыт салынады Фото: АШМ

Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барған Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров индустриялық аймақта болды. Ведомство басшысы ауыл шаруашылығы техникасын құрастыратын жаңа зауыттың капсуласын салу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жылына 2 мың дана техника шығаратын зауыттың құны – 3 млрд теңге. Мұнда 8 түрлі трактор моделі, күріш жинайтын және мақта теретін комбайндар, тіркемелі жабдықтар, тұқым сепкіштер шығару жоспарланған.

"Индустриялық аймақта су үнемдеу технологиялары саласында да жобаларды іске қосу көзделіп отыр. Мәселен, Akplas компаниясының жаңа жобасы жылына 200 мың гектарға дейін суару мүмкіндігін қамтамасыз ететін ирригациялық жабдық шығаратын зауыт салуды қарастырады", – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, одан кем емес маңызды жобалардың бірі – Hualing Group Co. Ltd. компаниясының жаңбырлатып суару машиналарын шығаратын зауыт салуы болмақ. Инвестиция көлемі – 10 млрд теңге, жылына 200 дана машина шығару жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу