Тараздағы балалар өліміне қатысты тергеу басталды

795

Балалардың өліміне газдан улану себеп болуы мүмкін. 

Тараздағы балалар өліміне қатысты тергеу басталды

Жамбыл облысының Полиция департаментінің хабарлауынша,  2020 жылдың 1 қазанында сағат 09:57 минутта полицияға Тараз қаласы Ақмола көшесінде өрт орын алғаны туралы хабар келіп түскен.

Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер өртті сөндіріп,  2017 және 2018 жылы туылған екі  кәмелетке толмаған баланың мәйітін тапқан.

Балалардың өліміне газдан улану себеп болуы мүмкін.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 292- бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған (екі және одан да көп адамның өліміне апарған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу).

Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу