Тараздағы фосфор зауытында жарылыс болды

778

Салдарынан 2 адам зардап шекті. 

Тараздағы фосфор зауытында жарылыс болды Фото: Голос Народа

Жамбыл облысындағы Жаңа Жамбыл фосфор зауытында жарылыс болды. Мекеменің екі жұмысшысы жапа шекті, деп жазады inbusiness.kz

Оқыс оқиға 3 тамыз күні сағат 11:30-да болды.

"Жаңа Жамбыл фосфор зауыты" ЖШС қоймасының аумағындағы контейнерлік цистернадан сары фосфор алу кезінде 1991 және 1997 жылы туған екі жұмысшы зардап шекті", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендер Тараздағы көпсалалы ауруханасына жеткізілген. Олар әртүрлі дәрежедегі химиялық күйік алды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу