Тараздағы мемлекеттік екі жоғарғы оқу орны бірігетін болды

2133

ТарМУ-де 13 мыңнан астам студент болса, ТарПУ-де 7 мыңнан астам шәкірт бар.

Тараздағы мемлекеттік екі жоғарғы оқу орны бірігетін болды

Тараз мемлекеттік университеті мен Тараз педагогикалық университеті бірігетін болды. Ал студенттер министрліктің бұл қадамына үзілді-кесілді қарсы. Наразы жаста бұл шешімді өзгертуді талап етеді, деп хабарлайды КТК.

Ал педагогикалық университет басшысы елде мемлекеттік жоғарғы оқу орындарын ірілендіру саясаты басталғанын мәлімдеді.

"Студенттердің қатты алаңдауына негіз жоқ: оқу ақысында да, сабақ процесінде де, сабақ кестесінде де, оқытушылардың сабақ беру тәртібінде де үлкен өзгерістер болмайды",– дейді ТарПУ ректоры Ержан Әмірбекұлы.

Оқу орындарын біріктіру процесі басталғанымен, әлі жүзеге асырылған жоқ. Үкімет қаулысы шыққанша, екі білім ошағы жеке дара жұмыс жасай бермек. ТарМУ-де 13 мыңнан астам студент болса, ТарПУ-де 7 мыңнан астам шәкірт бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу