Тараздағы "Минералды тыңайтқыштар" зауыты қуаттылығын 1,7 есеге арттырды

2471

Жаңғыртуға дейін зауыт жыл сайын 300 мың тонна тыңайтқыш өндірді.

Тараздағы "Минералды тыңайтқыштар" зауыты қуаттылығын 1,7 есеге арттырды

Тараздағы "Минералды тыңайтқыштар" зауыты аммофос өндірісінің көлемін жылына 500 мың тоннаға дейін ұлғайту жөніндегі жобаның екінші кезеңін аяқтады, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

"10:46 маркалы аммофос өндірісінің көлемін ұлғайту. Екінші кезең" жобасы іске қосылды",– делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.

Жобаның құны – 7 млрд теңге. 

Жаңғыртуға дейін зауыт жыл сайын 300 мың тонна тыңайтқыш өндірді.

"Минералды тыңайтқыштар" зауыты "Қазфосфат" ЖШС құрамына кіреді. Кәсіпорын фосфор-азот тыңайтқыштарын – аммофос, қарапайым суперфосфат, сульфоаммофос, нитроаммофос, жемдік үшкальцийфосфат, жемдік кальцийнатрийфосфат, техникалық күкірт қышқылын өндірумен айналысады.

Тыңайтқыштар Қазақстан, Қытай, Украина, Белоруссия, Тәжікстан және Аргентина нарығына сатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу