23 наурызда сағат 21.41-де Тараз қаласы, 5 шағын ауданы, 5 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтердің бірінің балконынан өрт шығады, деп жазады inbusiness.kz.
Оқиға орнына Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 3 бірлік техника мен жеке құрамының 8 адамы шығып, өрт сөндіру және адамдарды қауіпсіз орынға шығару жұмыстарымен айналысқан.
Оқиға орнынан 20 адам, оның ішінде 5 бала қауіпсіз орынға эвакуацияланды. Аталған өрт оқиғасы сағат 21.56-да оқшауланып, 22.03-те жойылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар тіркелген жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен материалдық шығыны анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу