Демек, шаһардағы әрбір 5-ші көлік иесі жол ережесін пысқырмайды. Өткен жылғы статистикаға сенсек, жол апаты бойынша облыс республика бойынша үштікке кірген. 12 айда 1400 жағдай тіркеліпті. Сондықтан тас жолдағы тәртіпті тамыр-таныссыз, таспа арқылы түзейтін сергекті құзырлы мекеме 48 мекенге орнатқан. Оның 13-і қиылыстарға қойылды. Қызығы, қазір Таразда "антирадар" қондырғысына сұраныс артқан. Айта кетейін, былтыр жол апатынан өңірде 2300-ге жуық адам зардап шеккен.
"ПД сергек ақпараттық бағдарлама кешенін қоюдағы себебі, яғни жол қауіпсіздігін қатаң сақтауды, жол апаттарын алдын алу, қылмысты табу қылмысты ашу болып табылады. Түскен айыппұл соммалары Жамбыл облысының бюджетіне түсетін болады", деді Жамбыл облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы Нұрсұлтан Алишев.