Тараздағы жарылыс болған үй қайта жөнделеді

487

Зардап шеккендерге келген шығын көлемі есептеліп жатыр.

Тараздағы жарылыс болған үй қайта жөнделеді

Тараздағы жарылыс болған көпқабатты тұрғын үй қайта қалыпқа келтірілетін болды. Үйдің шатыры мен жертөлесі толықтай күрделі жөндеуден өткізіледі. Сонымен қатар үйдің төңірегі абаттандырылады. Бұл жөнінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков айтты, деп хабарлайды 24.kz.

Қазір арнайы мамандандырылған мекеме қызметкерлері жөндеу жұмыстарын қалай жүргізу қажеттігін зерттеп, зерделеп жатыр. Мамандар үйдің қалған бөлігін жарамды деп тауып, 4 подъездің тұрғындары пәтерлеріне қайта қоныстандырылды. Су, жылу, газ, электр энергиясы қайта қосылды. Енді зардап шеккендерге келген шығын көлемі есептеліп жатыр.

"Бұзылатын болса, біз оның қорытындысын ала алмайтын едік. Бірінші қорытындысы бойынша бұл үйлерге негізгі қайта жөндеу жұмыстарын келтіруге болады деп қорытындысын алып отырмыз. Ең күрделі мәселе бүгінгі таңда үйдің жөндеу жұмыстарына байланысты жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға қорытынды жасалып, ол жұмыстар басталады", – деді Бекболат Орынбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу