Тараздан коронавирус табылған жоқ – Полиция департаменті

938

Жамбыл облысының Полиция департаменті жалған ақпарат таратқандардың заң алдында жауап беретіндігін ескертеді.  

Тараздан коронавирус табылған жоқ – Полиция департаменті

"WhatsApp" мессенджері арқылы таралған әйел адамның "Мәскеуден келген ұшақ арқылы Тараздан коронавирус табылды", сондай-ақ "Шестойда бір семьяны 6 баласымен карантинге қамап қойыпты" деген ақпараттар шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтардан жалған хабарламаларды таратпауды және тек ресми ақпаратқа сенуді сұрайды. Жалған ақпаратты әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратқан адамға қылмыстық жаза заңмен белгіленгенін ескертеді.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігіне сәйкес "Бұқаралық ақпарат құралдары және ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату" үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады",– дейді департаменттен. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу