Тараз әкімдігі алдағы Жаңа жыл мерекесіне орай қаланы безендіруге кірісті, деп жазады inbusiness.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.
"Шыршалардың бірі ҚР Тұңғыш Президенті саябағының аумағына, екіншісі "Көне Тараз" тарихи-этномәдени орталығына қойылады. Қазіргі уақытта бұл аумақтарда жаңа жылдық безендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл мақсаттарға қала бюджетінен 19 млн 150 мың теңге қарастырылған", - деді қала әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Дәулет Төленді.
"2021 жыл қарсаңында "Көне Тараз" тарихи-этномәдени орталығының алаңындағы бас шырш өртенгеннен кейін, биыл облыс орталығын мерекелік безендіру кезінде өткен жылдан қалған декор элементтерін және жиналмалы шырша құрылымын пайдалану туралы шешім қабылданды. Бұл өте тиімді шешім", - деді спикер.
Ведомство демеушілік қаражат есебінен ерекше қажеттілігі бар тараздық 2 225 балаға арнайы мерекелік сыйлық берілетінін, қаржыландыру көлемі шамамен 5 миллион теңгені құрайтынын атап өтті.