Таразды жылумен қамтитын мекеменің 45 млн теңгеден көп табысының негізсіз екені анықталды

664

Тараз қаласында жылу тарифі төмендетілді.

Таразды жылумен қамтитын мекеменің 45 млн теңгеден көп табысының негізсіз екені анықталды

"Таразтрансэнерго" МКК-ның 2020 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасының орындалуына талдау жүргізілген. Нәтижесінде мекеменің "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасы, яғни бекітілген тарифтік сметаны орындау талабының сақталмағандығын анықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz  ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, 2020 жылы "Таразтрансэнерго" МКК-ның негізсіз табыс сомасы 45 186 810 теңгені құрады. Осыған байланысты, комитеттің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2021 жылғы 9 қыркүйектегі бұйрығымен "Таразтрансэнерго" МКК-ның жылу энергиясын беру қызметіне бір жыл мерзімге уақытша өтемдік тариф бекітілді, 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап 2022 жылдың 1 қарашасына дейін 1 696,14 теңге/1 Гкал мөлшерінде қолданылады, мұнда төмендеу 5,09%-ды құрады", – деп жазылған комитет хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу