Тараздық әйел TikTok-тағы бейнежазбасы үшін жауапқа тартылды

899

Тараз қалалық сотында TikTok-тағы бейнжазбасы қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Знамя труда" басылымына сілтеме жасап.

Тараздық әйел TikTok-тағы бейнежазбасы үшін жауапқа тартылды

Атап айтқанда, Тараз тұрғыны өзінің TikTok парақшасында "Көршілерім – ұрылар" деген бейнежазба жариялаған.

Ал жалаға жазықсыз іліккен ер адам сотқа Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабы 2-бөлігі ("Көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған жала жабу") бойынша арыз түсірді.

Жәбірленуші құқықбұзушыны жазалауды талап етпей, соттан онымен татуласуға және медиациялық келісімге келуге байланысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұрады.

Осыған байланысты құқықбұзушы әкімшілік жауапкершіліктен босатылды. Соған қарамастан ол айыптау бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу