Тараздық имамға садақаға салынған ақшаға қымбат көлік алды деген айып тағылды

1161

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы аталған жағдайға байланысты пікір білдірді. 

Тараздық имамға садақаға салынған ақшаға қымбат көлік алды деген айып тағылды Фото: видео скриншот

Желіде дін қызметкерінің қымбат жол талғамайтын көліктің жанында тұрған видеосы тарады. Видео авторы автокөліктің иесі имамның өзі екенін айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мешітке келушілердің садақаға деп берген ақшалары қайда кетіп жатыр? Жетімдерге, мүгедектерге, мұқтаждарға жұмсалмайды. Ол ақшаға Lexus көліктері сатып алынады. Нөмірінің өзі 5 мың доллар тұрады. Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері де үлесте. Бұл мешіт ішінара соларға тиесілі", – дейді видео авторы. 

Видеоның соңында автор көліктің имамға тиесілі екенін айтады. Айтуынша имам мүлікті халықтың осал топтарына берілуі тиіс садақаға жиналған қаржыға сатып алған.

Бұл видеоға жауап берген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы видео кейіпкерінің "Ел-Еділ" мешітінің имамы екенін растады. Алайда видеодағы көлік имамдікі емес. Діни басқарма сондай-ақ көліктің мешітке қайырымдылық жасауға келіп тұратын қала тұрғынының көлігі екенін түсіндірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу