Тараздық кәсіпорындар 103 миллиард теңгенің өнімін өндірді

1159

Тараздық кәсіпорындар 103 миллиард теңгенің өнімін өндірді

Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулет қалалық мәслихат депутаттары алдында есеп берді. Халық қалаулылары алдында жасаған баяндамасында шаһар басшысы Тараздың экономикалық әлеуетіне тоқталды, деп хабарлайды zhambylnews.kz.

Қала әкімінің айтуынша, өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы жылдың 6 айында 103 млрд. 173,5 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 101,1 пайызды құраған.

"Өнеркәсіп өндірісінің негізгі құраушысы болып химия саласы табылады. Онда "Казфосфат" ЖШС-нің Жаңажамбыл фосфор зауыты және минералды тыңайтқыштар зауытымен жалпы 34 млрд. 652 млн. теңгенің өнімдері өндірілді. Ал, өнім көлемінің нақтылай көрсеткіші  бойынша 588 мың тонна өнім өндіріп, өткен жылмен салыстырғанда 171,5 мың тоннаға өсіп отыр. 2016 жылы бұл көрсеткіш 416,6 мың тонна болған. Атап айтсақ, негізгі өнімдері майда таратылған фосфор шикізаты 117 мың тоннаға, аммофос 71 мың тоннаға өскен. Химия саласы қаладағы жалпы өнеркәсіп өндірісінің 35 пайызды құрап отыр. Ал, тамақ өнеркәсібі саласындағы "Орта азиялық қант корпорациясы" АҚ есепті кезеңде 20 млрд. 843  млн. теңгеге 108,5 мың тонна өнім өндіріп, нақты көлем индексі 101,3 пайызды құрап отыр. Жалпы, тамақ өнеркәсібі қаладағы өнеркәсіп өндірісінің 20,2 пайызды құрап отыр.

Сонымен қатар, жеңіл өнеркәсіпте 140 пайызға, құрылыс материалдары өнеркәсібінде 27,8 пайызға, машина жасау және металл өңдеу өнеркәсібінде 13,1 пайызға және тау-кен өнеркәсіп саласында 24 пайызға өсу қарқыны байқалады", – деді Р. Дәулет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу