Тараздық тұрғынның ессіз іс-әрекетінен ондаған үй су астында қалды

Оқиға кеше кешкі сағат 20:30 шамасында болған.  

Тараздық тұрғынның ессіз іс-әрекетінен ондаған үй су астында қалды Фото: agrodoctor.livejournal.com

Белгісіз адамның рұқсатсыз "Зербұлақ" көліне тиесілі шлюзді ашып жіберуінен суармалы каналдарға шамадан тыс су кеткені анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Соның салдарынан бірнеше үйді және көшені су басқан. Нақтылағанда Достоевский, Жуанышев, Ұлбике ақын көшелеріндегі аулалар мен Ниетқалиев және Бөлтірік шешен көшелеріндегі кейбір үйлерді су алып кеткен. 

– Көршілеріміздің үйінде су 30 сантиметрге дейін көтерілді. Біздің де үй мен моншамызға су кіріп кетті, – деп ашуланады зейнеткер Светлана Геринг.

Әкімдіктің мәліметінше, барлығы 30 тұрғын үйдің ауласын және 2 жертөле бөлмесін су шайған. Десе де, үйлердің ішкі бөлмелеріне су кірмепті. 

Қазір төтенше жағдай жедел түрде бақылауға алынған, жұмыстар жүріп жатыр. Ең алдымен шлюздер жабылып, су ағыны тоқтатылған. Кейін Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен "Жамбыл-Су" мекемесінің қызметкерлері су тарту жұмыстарына кірісіп кетті.

Барлығы 25 маман жұмылдырылып, 12 техника, оның арасында 5 мотопомпа қолданылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу