Тараздықтар бауырсақ жеуден жарысты

820

Тараздықтар бауырсақ жеуден жарысты

Жамбылдықтар "Шаттық күнін" атап өтті, деп хабарлайды 24.kz.

Тұрғындар саябаққа шығып, ойын-сауық құрды. Наурыз көже пісіріп, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жастар арасында насихаттады. Қала жастары арасында ләңгі, шекемтас, асық ату, арқан тарту сияқты ұмыт қалып бара жатқан ойындар ұйымдастырылып, ережелері түсіндірілді.

Ұлттық киім киген қыз-жігіттер алтыбақан теуіп, ұлық мереке көркін қыздыра түсті. Ал шараның екінші бөлігінде қомағайлар жарысы ұйымдастырылды. Олар бауырсақ жеп жарысып, өзара мықтыны анықтады. Негізгі мерекелік шаралар ертеңге жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу