Тараздың 4 тұрғынынан 29 келі марихуана тәркіленді

310

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тараздың 4 тұрғынынан 29 келі марихуана тәркіленді Фото: polisia.kz

Көлік полицейлері тараздық төрт тұрғыннан 29 келі есірткі тәркіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

26 шілдеде көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері “Қарасора – 2023” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында, қызметтік-іздестіру итімен Түрксіб станциясының өткелінде Мазда автокөлігін анықтап, тоқтатты.

Көлікте 39 жастағы көлік жүргізушісі және Тараз қаласының 3 тұрғыны болды.Тексеру кезінде автокөліктің жүксалғышынан ерекше иісі бар өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 29 келі 140 грамм, яғни аса ірі көлемдегі кептірілмеген марихуана есірткі заты болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта сот ұсталғандарға қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Іс бойынша өзге де мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу мүддесіне орай жария етілуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу