"Таразэнергоцентр" АҚ басшылығының қулығы іске аспай қалды

1003

Акционерлік қоғам 2022-2026 жылдары жылу энергиясы құнының тарифтерін тұрғындарға 2 есеге, бюджеттік ұйымдарға 3,6 есеге және заңды тұлғаларға 3,2 есеге негізсіз арттырмақ болған.

"Таразэнергоцентр" АҚ басшылығының қулығы іске аспай қалды

Монополист тарифтердің көтерілуін ЖЭО-4 жабдығын жөндеуге жұмсалған шығындардың ұлғаюымен түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бірақ тексеру барысында компанияның 2,2 млрд теңге қаражатты жабдықты жөндеуге жұмсағаны жалған болып шықты.

"Агенттік "Таразэнергоцентр" АҚ-ның басшылығына қатысты жабдықты жөндеуге жалған жұмсалған 2,2 млрд теңгені жымқыру дерегі бойынша жүргізілген тергеп-тексеру шеңберінде "Табиғи монополиялар туралы" ҚР Заңын бұзу қосымша деректері анықтады", – деп жазылған Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан хабарламада.

Нәтижесінде Акционерлік қоғамның тарифтерді ұлғайту туралы өтінімін Жамбыл облысы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті қабылдамай тастады.

"ҚР ҚПК-тің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. Іс бойынша тергеп-тексеру жалғасуда" – дейді ҚР ҚҚА баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу