Тараз қаласының әкімі болып Рүстем Дәулет тағайындалды. Ол осыған дейін Шу ауданын басқарып келді, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
"Жамбыл облысы әкімінің 2017 жылғы 2 наурыздағы №68 өкімімен Рүстем Дәулет Рысбайұлы Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды", – делінген сайтта жарияланған ақпаратта.
43 жастағы Рүстем Дәулет 2013 жылғы желтоқсаннан бері қала әкімі болған Нұржан Қалендаровты алмастырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу