Тарбағатай ауданы екіге бөлінді – Ерлан Сайыров

4613

ШҚО Тарбағатай ауданы мәслихаты ауданды бөлу туралы шешім шығарды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров inbusiness.kz тілшісіне мәлім етті.

Тарбағатай ауданы екіге бөлінді – Ерлан Сайыров

"Ақсуат пен Ақжар өңірі екіге бөлініп, екеуі екі облысқа өтеді", – деді ол. 

Оның айтуына сүйенсек, территориялық бөлісуге байланысты аудандарды құру жөніндегі инициатива мәслихаттың құзырында. Бұл шешімді нақты деп қабылдауға болады.

Айта кетейік, бұл туралы әлі ресми жария етілген жоқ.

Ерлан Сайыров басқа да шекаралы аудандарға қатысты пікірін қосты.

"Бұрынғы Катонқарағай мен Марқакөл аудандарын да қалпына келтіру керек. Бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі, халықты өңірлерге орналастыру мәселесі. Өте өзекті", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу