Тарбағатай ауданының әкімі мешітке көлік сыйлады

799

Тарбағатай ауданының әкімі мешітке көлік сыйлады

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында халықты қуантқан берекетті іс-шара өтті. Тарбағатай ауданының әкімі Ақжар ауылдық "Байжігіт баба" мешітіне "Нива" көлігін сыйлады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Аудан басшысы ауданда кері ағымдарға қарсы күресті күшейту, исламның құндылықтарын насихаттау ісінің аса маңызды екендігін айта келе, осындай шараларға арнап халық игілігіне қызмет етсін деп көлік беріп отырғанын айтты. Сонымен қатар имамдардың қызметіне сәттілік тіледі.

"Ұлыстың ұлы күні қарсаңында халқымыз үшін аса бір қуанышты жағдай болды. Бұл – бізге деген мемлекетіміздің қамқорлығы. Елбасымыздың жарқын саясатының арқасы. Исламның асыл құндылықтарын насихаттауда тынымсыз еңбек етіп, халықтың сенімін ақтаймыз. Дін үшін, мешіт үшін көмек жасаған жандарға ізгі сауап бар екендігі белгілі" дейді Ақжар ауылдық "Байжігіт баба" мешітінің бас имамы Аманкелді Жарасов.

Ол сонымен қатар аудан басшылығына шынайы алғысын білдірді. Мешіттің босағасына байланған темір тұлпарға әжелер шашу шашып, мәре-сәре болды. Ақ сақалды қария бата беріп, елімізге тыныштық тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу