"Тарбағатай" паркінің 15 қызметкері жалған дипломмен жұмыс істеген

102

Кейбірінің ұлттық парктегі еңбек өтілі 10 жылдан асып кеткен.   

"Тарбағатай" паркінің 15 қызметкері жалған дипломмен жұмыс істеген Фото: kz24.news

Абай облысында "Тарбағатай" паркінің қызметкерлері жалған дипломмен жұмыс істегені анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты Үржар ауданының прокуратурасына сілтеме жасап.

Үржар ауданының прокуратурасы 15 инспектордың жоғары білім туралы жалған диплом негізінде "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ-не жұмысқа орналасқанын анықтады.

"Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Прокуратура көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін 160 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе 40 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделгенін ескертеді", - делінген прокуратура хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу