Тарбағатай тауының аң-құсы саналды

4015

Алдын ала мәлімет бойынша, таудың күнгейі мен теріскейінде 600-ге жуық арқар, 20 шақты қоңыр аю мен сілеусін бар.

Тарбағатай тауының аң-құсы саналды

Тарбағатай тауындағы жан-жануарларға алғаш рет ресми санақ жүргізілді, деп хабарлайды 24.kz.

Оған соңғы техника жетістіктері пайдаланылды. Алдын ала мәлімет бойынша, таудың күнгейі мен теріскейінде 600-ге жуық арқар, 20 шақты қоңыр аю мен сілеусін бар.

9 бағытта жүргізілген санаққа ұлттық парктің 100-ге тарта маманы қатысып, 105 шақырым жол жүріп өткен.

 "Дрон ұшырамыз, сонымен бақылаймыз жоғарыдан және фототұзақ қойып жатырмыз, солардың көмегімен және басқа да методикамен анықтап, санақтың қортындысы бойынша осы 8 мың гектар жердің аумағында 250-270 арқар, екі жағын қосқанда 500-600 арқар бар деп ойлаймыз. Аю санағы қалды, сол біткеннен кейін қортындылап, сәуір айында қорытынды есебін береміз", – деді "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық паркінің директоры Әлібек Тоқымтаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу