Тарбағатай ұлттық паркінің аумағына бірқазандар ұшып келді

508

Қызыл кітапқа енген құстардың бұл түрін аулағанға 400 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.  

Тарбағатай ұлттық паркінің аумағына бірқазандар ұшып келді Фото: Massaget.kz

Тарбағатай ұлттық паркінің аумағына бірқазандар ұшып келді, деп жазады inbusiness.kz ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, бұл аймақта аталмыш құстар Еміл өзенінің Алакөлге құяр сағасында мекендейді.

"Олардың тіршілік ету ортасында – су деңгейі, азық қоры, сонымен қатар судың тазалығы маңызды, яғни химикаттармен және металл қалдықтарымен ластанбаған болуы керек. Бірқазандардың қоныстанған жеріне қарап, онда балық қорының мол екендігіне көз жеткізуге болады", - делінген хабарламада.

Елімізде бірқазанның екі түрі (қызғылт, бұйра) мекендейді. Екеуі де Қызыл кітапқа енгізілген. Бұл құстар ел аумағында наурыз айынан бастап қазан айына дейін тіршілік етеді. Қыстауға Жерорта, Кacпий тeңiздeрiнiң oңтүcтiк жaғaлaуына, Oңтүcтiк Aзияға, кeйдe Тaяу жәнe Oртa Шығыcқa, Coлтүcтiк Үндicтaнғa ұшып кетеді, ал қызғылт бiрқaзaндaрдың бiр бөлiгi Aфрикaда қыстайды.

"Жойылу қаупі төнген құстарды заңсыз аулаған жағдайда 400 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады", - деп хабарлады комитет.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу