Тарбағатайда құтырық ауруынан 9 бас мал өлген

508

Биыл 12 мың бас малға екпе егіледі. 

Тарбағатайда құтырық ауруынан 9 бас мал өлген

Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай ауданында төрт түлікке құтырық ауруы тарап, 9 бас мал өлген. Қазіргі таңда аталған ауылда карантин жарияланған.

Қарасу ауылының тұрғындары негізгі тіршілігін төрт түлікпен байланыстырған. Өткен жылдың соңында ауылда белгісіз індет тарап, малдар өле бастаған. Облыстан арнайы келген мамандар өлген түліктерден сынама алып, құтырма ауруы деген қорытынды шығарған.

"Ауру тараған кезде епке егу жұмыстарын жүргізді. Сынамаларын алды. Алғашында бір үйдің малынан, кейін екінші үйден анықталды. Сөйтіп өлген малдардың саны тоғызға жетті. Ауыл сол кезден бастап карантинге жабылды. Бір аптадан бері ауру тынышталды", – дейді Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты Сұнғат Жұмабекұлы.

Айта кетейік, басқарма түздегі аңдарды да вакцинациялауды жоспарлап отырғандарын айтты. Ауруға қарсы екпе салынған еттерді аңдардың жүретін жолдарына тастап кетеді. Азықты жегеннен кейін түз тағылары да індеттен айығатын болады.

"Құтырық ауруымен көбінесе даладағы аңдар ауырады. Ауылдың төрт түлігі әлі өрісте. Сол жақтан жұқтырған. Екпе егу жұмыстары толық жүргізілді. 9 бас мал өлді. Сынама алынды. Ауырған түлкілер түліктерге ауыз салған. Сосын ауру тараған. Биыл 12 мың бас малды егеміз. Қазір ешқандай қауіп жоқ", – дейді Шығыс Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының орынбасары Рамиль Ниғыметжанұлы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу