Тарбағатайлықтардың Президентке жазылған хаттан хабары жоқ

676

Көкжыра ауылының бір топ тұрғыны әлеуметтік желіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Әруақтарды күңірентпейік" деген тақырыпта ашық хат жазған. 

Тарбағатайлықтардың Президентке жазылған хаттан хабары жоқ

Кешелі бері әлеуметтік желіде таралған Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы, Көкжыра ауылы тұрғындарының Президентке жолдаған Ашық хатында жазылған деректер жалған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ал аталған хаттың соңында аты-жөндері жазылып жүрген ауыл тұрғындары болса ешқандай қағазға қол қоймағанын, бұл туралы мүлдем бейхабар екенін айтып таңғалып отыр.

Естеріңізде болса, ШҚО, Тарбағатай ауданы, Көкжыра ауылының бір топ тұрғыны әлеуметтік желіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Әруақтарды күңірентпейік" деген тақырыпта ашық хат жазған. Ашық хатта белсенділер осы ауданның "Елеке сазы" деп аталатын жерінде 2017 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан археологиялық жұмыстардың салдарынан, яғни қабірдегі әруақтарды мазалағандықтан жергілікті жерде өлім-жітім көбейіп, келеңсіз жағдайлар жиілеп кеткенін алға тартқан. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Осы жағдайға байланысты ғалымдар, тарихшылар, археоологтар және дін өкілдері өздерінің пікірін білдіріп, желіде таралған желсөзге тоқтау айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу