"Тәрбиешілердің жалақысы, біріншіден, еңбек өтіліне байланысты. Екіншіден, педагогтің категориясы қаралады, біліктілікті арттыру арқылы жалақыға үстемақы қосылады. Сондықтан 5 жыл өтілі бар, "модератор" санаты бар тәрбиешінің орташа айлығы 250-270 мың теңге болады", – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.
Спикердің айтуынша, кейінгі кездері жалақының өсуіне байланысты балабақша тәрбишілерінің тапшылығы азайып, жас мамандар қатары артты. Олардың кәсібилігі де артты.
"Осыдан екі жыл бұрын кәсіби білімі бар мамандар 53%-ды құраған болса, қазір олардың үлесі 79%-ға жетті", – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі өкілі.