Тариф бойынша ең үлкен өсім Екібастұзда жоспарланған

Баға саясаты әр кәсіпорынның жеке жағдайына байланысты белгіленбек. 

Тариф бойынша ең үлкен өсім Екібастұзда жоспарланған Фото: inbusiness.kz

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет кулуарында коммуналдық тарифтер қаншалықты өсетінін айтты, деп хабарлайды деп жазады inbusiness.kz.

 "Бұл нақты табиғи монополия субьектісіне байланысты болады. Яғни, халыққа қызмет көрсететін, қуат көзін ұсынатын немесе қуат көзін алатын ұйымға байланысты. Желілердің тозу көрсеткішіне де байланысты болады. Мысалы, Екібастұз жылу электр орталығы өтінім берді. Олар тарифті бір мезетте 107 пайыз көтеруді сұрады. Біз ондай қадамға бара алмаймыз, оны өздеріне ашып айттық. Өсім бұдан 4 есе кем болатын шығар", – деді министр.

Бұл ретте ол нақты Екібастұз бен Риддерге тоқталды. Айтуынша, Екібастұзда жүйе мүлдем тозған. Сондықтан тариф бойынша ең үлкен өсім сол жақта жоспарланған. 

"Екі еседен жоғары болады. Бірақ біз оны басқа механизмдер арқылы тежеуді жоспарлап отырмыз. Екібастұз бен Риддерде өсімді баяу жүргізгіміз келеді. Мысалы жылудың жаңа тарифі бұл қалалалардың тұрғындарына наурыз айында сезіледі. Сәуірде наурыз айының түбіртегі келеді. Ол кезде күн жылына бастаған соң жылу аз тұтынылады. Сәйкесінше тарифтің өскенін наурыз айы мен сәуірдің жартысында ғана сезінеді. Одан кейін өсімді келер қыста бір-ақ сезінуі керек", – деді Ұлттық экономика министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу