Тариф өседі, ал сапа арта ма?

300

Байланыссыз отырған ауылдар да бар.

Тариф өседі, ал сапа арта ма? Фото: canva.com

Елде қымбаттамаған не қалды? 1 шілдеден мобильді интернет құны тағы өседі. Бұл туралы "Қазақтелеком" Акционерлік Қоғамы хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Тариф қымбаттағанымен, интернет жылдам әрі сапалы болған жоқ. Мұны еститін құлақ бар ма? Экс-министр Мусин айтқандай "Қолайлы бағаға, қолайлы интернет болып" қала бермек пе? Жауаптылар не дейді? Токионың жылдамдығынан озып кеткен отандық интернеттің бүгінгі жайын біліп көрдік.

Тарифтың құны тағы еселенетін болды. Жауапты компанияның айтуынша, 51 тарифтік жоспардың құны 5500-11 мың теңге аралығында болады.

- Осы жылдың 1 шілдесінен бастап іске қосылатыны туралы хабарлаған болатынбыз. Бағалар архивтегі тарифтік желінің кей жоспары бойынша көтеріледі. Тағы бір жайт, бұл тарифтердің уақыты өзгермейді. Қандай жағдай болмаса да осы бағада сақталады, - дейді "Қазақтелеком" АҚ Customer Service директоры Динара Токкожина.

Британдық зерттеу ұйымдарының мәліметінше, Қазақстан интернеті сапасы жағынан 220 елдің ішінде 155 орында тұр екен. Астананың төрінде тұрып, интернеттің сапасына көңілі көлшімейтіндердің қатары тым көп.

Ал сарапшы Сапарбай Жобаевтың пайымы басқа. Оның ойынша, сұраныс бар жерде баға өсуі керек дейді.

- 2019 жылдан бері тариф айтарлықтай өспеді. Себебі 2020-2021 жылдары карантин кезінде жұрттың барлығы интернет жүйесіне талғамы күшейді. Сол кездерде бұл мекеменің табысы артты, - дейді сарапшы Сапарбай Жобаев.

Қазіргі таңда интернетті былай қойғанда байланыссыз отырған ауылдар да бар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу