Тарифтер қызмет көрсету сапасына байланысты белгіленбек

960

Мысалы, тұтынушының үйінде жарық өшетін болса, мемлекеттің араласуымен монополист тарифті төмендетуге мәжбүр болады.

Тарифтер қызмет көрсету сапасына байланысты белгіленбек

Жарық, жылу мен су тарифтері қызмет көрсету сапасына байланысты құбылуы мүмкін, деп хабарлайды 24.kz.

Сенатта бүгін осы мәселені реттейтін заң жобасы қаралды. Егер оны парламент мақұлдайтын болса, тарифті реттеудің тетіктері пайда болатын еді. Мысалы, тұтынушының үйінде жарық өшетін болса, мемлекеттің араласуымен монополист тарифті төмендетуге мәжбүр болады.

"Сіздің қарауыңызға табиғи монополияларды реттеу туралы заң жобасы енгізіледі. Заң жобасы негізгі міндеттерді шешуге бағытталған. Бірінші, табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы жүйелендіру. Табиғи монополиялар қызметін реттеудің жаңа ынталандыру әдісін, олардың қызметін реттеу мен сапасы мен сенімділігін арттыру", – дейді ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғарин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу