Тарифті қымбаттатып табысын арттырды

725

2018 жылы 26 млн абонент ұялы байланыс қызметін тұтынса, 2019 жылдың соңында 25,7 млн абонент қалған. 

Тарифті қымбаттатып табысын арттырды

Өткен жылы елдегі ұялы байланыс операторлары тариф көтеру арқылы табыстарын 222 млрд теңге жеткізген. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 6 млрд теңгеге көп.

Ranking.kz сайтының жазуына қарағанда, бір жылдың ішінде Қазақстандағы абоненттер саны 1,1% кеміген. 2018 жылы 26 млн абонент ұялы байланыс қызметін тұтынса, 2019 жылдың соңында 25,7 млн абонент қалған. Алайда интернетке жалғанған ұялы байланыс тұтынушыларының саны 3,9%-ға көбейген. 15 млн абонент интернетке ұялы байланыс арқылы кіреді. 

"Ұялы байланыс қызметін пайдалану тығыздығын есептесек, 100 адамға 139 абоненттен келеді. 2018 жылы бұл көрсеткіш 142 болатын.  Ұялы байланыс арқылы жоғары қарқынды әрі тұрақты интернет пайдаланатын тұрғындардың саны 2,5 млн адамға жетті. Бұл 100 адамға шаққанда 13-тен келеді. Жалпы байланыс саласындағы компаниялар бір жылда 800,1 млрд теңге табыс тапқан. Ең табысты көз – инетернет қызметтері. 800,1 млн теңгенің 35,6%-ы осы саладан түскен. Ұялы байланыстан 221,6 млрд теңге, телекоммуникация желілерінен 47,6 млрд теңге, жергілікті телефон байланысынан 36,7 млрд теңге түскен. Ел ішінде интернетке деген сұраныстың артуы табысты да еселеген. Тарифтің өсуі де табысқа әсер етіп отыр. 12 айдың ішінде интернет пен байланыс құны 3,3%-ға қымбаттаған", – деп жазады ranking.kz.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу