Олар – "Шопан ата", "Шақпақ ата", "Қараман ата", "Сұлтан үпі" және Оғландыдағы "Бекет ата" жер асты мешіті мен археологиялық "Қызыл қала" қалашығы, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық арнаға сілтеме жасап. Енді әр қайсысы туралы мәліметтер жинақталып, құзырлы министрлік ЮНЕСКО-ның зерттеу орталығына тапсырылмақ. Содан бастап, жер асты мешіттерінің жағдайы тексеріліп, экспедициялар өткізіледі.
Мамандар: "Бұл жұмыстарға шамамен 1-2 жыл кетеді", - деп отыр.
Қазіргі таңда Маңғыстауда 590 ескерткіш мемлекеттің қорғауына алынған. Соның 20-сы республикалық маңыздағы тарихи-мәдени орын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу