"Тарихи құжат жарық көрді": Вице-министр лудоманияға қарсы заң туралы айтты

150

Қабылданған құжат тарихта бұрын-соңды болмаған 150 түзетуді қамтиды.

"Тарихи құжат жарық көрді": Вице-министр лудоманияға қарсы заң туралы айтты Фото: primeminister.kz

Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ойын бизнесі мен лотерея қызметі мәселелерін реттейтін заң туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Тиісті құжат осы жылдың 8 шілдесінде қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қабылданған құжат 8 кодекс пен 14 заңның нормаларын қозғайтын тарихта бұрын-соңды болмаған 150 түзетулерді қамтиды. Ойын бизнесі туралы заң қабылданғаннан бері 17 жыл ішінде оған мұндай ауқымды өзгерістер енгізілмеген. Заң халықтың сауаттылығын арттыру, жарнаманы шектеу, сапалы медициналық көмек көрсету, мемлекеттік бақылауды күшейту арқылы лудомания проблемасын шешуге бағытталған. Онда Президенттің Қауіпсіздік Кеңесінде және Ұлттық құрылтайда берген тапсырмалары түгелдей ескерілген", - деді вице-министр.

Мирас Төлебаевтың сөзінше, министрлік заңды даярлау барысында қарсылық пен лоббизмге де тап болған. 

"Алайда, халықтың қолдауы жұмысқа демеу берді. Бұл ретте 50 мың қол жинаған петицияның маңыздылығын да атап өтемін. Ынтымақтастықтың нәтижесінде қоғамның көңілінен шығатын тарихи заң жарық көрді", - деді Туризм және спорт вице-министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу