Тарихи-мәдени мұраларды біріктіретін цифрлық база жасалып жатыр

285

Платформа Орталық Азия елдерінің жәдігерлері мен ғылыми материалдарын жүйелеуге мүмкіндік береді.

Тарихи-мәдени мұраларды біріктіретін цифрлық база жасалып жатыр Фото: ЖИ

Былтыр Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи-мәдени мұраны сақтау және кеңінен танытуға бағытталған бірқатар бастамаларды көтерген болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

Солардың бірі – Орталық Азия елдерінің тарихи-мәдени мұрасын біріктіретін бірыңғай цифрлық платформаны құру.

Жобаны іске асыру аясында "Қазқайтажаңарту" мекемесінің кеңсесінде платформаға тарихи-мәдени деректерді жүктеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар мамандар үшін Лондон университеттік колледжінің (UCL) өкілдері цифрландыру, жүйелеу және материалдарды сақтау бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.

Жаңа цифрлық платформа "Қазқайтажаңарту" РМК базасында жұмыс істейтін орталық серверлік торап арқылы жүзеге асады. Оның көмегімен Орталық Азия елдерінің жәдігерлері, құжаттары, фотосуреттері мен ғылыми зерттеулері бір ортақ цифрлық қорда жинақталады. Бұл деректерді тек ғалымдар ғана емес, көпшілік те еркін пайдалана алады.

"Орталық Азияның археологиялық ландшафттары" жобасы "Қазқайтажаңарту" РМК мен Лондон университеттік колледжі (UCL) арасындағы келісім аясында жүзеге асырылуда. Жобаға Arcadia қайырымдылық қоры қолдау көрсетіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу