Тарихи-мәдени мұраларды сақтау мақсатында 500 мың теңгелік гранттар конкурсы жарияланды

615

Конкурстың жарияланғаны туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ақпарат таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тарихи-мәдени мұраларды сақтау мақсатында 500 мың теңгелік гранттар конкурсы жарияланды

"Конкурсқа қатысуға жеке тұлғалардың, бастамашыл топтардың және үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдері қабылданады. Туған өлкенің тарихи-мәдени мұра объектілерінің жай-күйіне мониторинг жүргізуге және/немесе қалпына келтіруге және Қазақстан Республикасының мәдени-тарихи мұрасын сақтау мен дамыту жөніндегі басқа да іс-шараларға немесе жобаларға бағытталған волонтерлік бастамаларды қолдауға 500 000 теңгеден 30 грант беріледі", - делінген министрліктің хабарламасында.

Конкурстың толық шарттарын мына сілтемеден оқуға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу