Тарихи отанына оралғысы келетін этникалық қазақтарға "бір терезе" қағидатын енгізу керек – Үкімет басшысы

478

Оның айтуынша, "бір терезе" функциясын Қазақстанның шет елдердегі мекемелері атқаратын болады.

Тарихи отанына оралғысы келетін этникалық қазақтарға "бір терезе" қағидатын енгізу керек – Үкімет басшысы

Премьер-министр Әлихан Смайылов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне этникалық қазақтарды қоныстандырудың жаңа тәсілдерін әзірлеуді тапсырды,  деп жазады inbusiness.kz 

"Демографиялық және экономикалық үрдістерді ескере отырып,  қандастарды қоныстандыру және этникалық қазақтарды қабылдау бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеу қажет. Тарихи отанына көшуге ниет білдірген этникалық қазақтар үшін "бір терезе" қағидатын енгізу керек. Бұл ретте, "бір терезе" функциясын біздің шет елдердегі мекемелер атқаратын болады", - деп атап өтті ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде. 

Әлихан Смайыловтың сөзінше, аталмыш мекемелерге жүгінетін этникалық қазақтар кіру визасын ғана емес, "қандас" мәртебесін беру жөнінде шешім туралы, қоныстану аумағы және жергілікті жерлерде берілетін мемлекеттік қолдау туралы да ақпаратты алуы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу