Осылайша, Латвия, Эстония және Литва секілді елдер Еуропалық энергетикалық желісімен толық синхрондалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап.
Балтық жағалауы елдері Еуропаның энергетикалық жүйесіне Литва-Польша жүйесі арқылы қосылған. Вильнюстегі ауысу рәсіміне, яғни тарихи сәтке үш елдің басшылары, Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен мен Польша президенті Анджей Дуда да қатысқан.
Латвия, Литва және Эстония елдері осылайша Ресей Федерациясы және КСРО кезінен бері болған Беларусь (БРЭЛЛ) біртұтас энергетикалық жүйесін енді пайдаланбайды. Алдымен бұл процесс Литва елінде болған. Онда Вильнюстің орталығында арнайы жасалған 9 метрлік сағат соңғы секундтарды санады. Бұл оқиға бірнеше минуттан кейін Латвияда, әрі қарай Эстонияда жалғасты.
Транзитті дайындауға ЕО қорларынан шамамен 1,6 миллиард еуро (1,7 миллиард доллар) инвестицияланғаны белгілі болған еді. Айта кетейік, Балтық елдері НАТО-ға мүше саналады.