"Тарихы терең Түркістан" турының қатысушылары 40 киелі орынға саяхат жасайды

2088

Түркістан облысында  "Рухани жаңғыру" бағдарламасы  аясында "Тарихы терең Түркістан" атты ақпараттық тур басталды.

 "Тарихы терең Түркістан" турының қатысушылары  40 киелі орынға саяхат жасайды

Бұл жобаның мақсаты – өңірдегі киелі орындар тізіміне енген нысандарды таныстыру, насихаттау, танымалдығын арттыру, тарихи сананы жаңғырту және ішкі туризмді дамыту, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі. 

6 күндік ақпараттық турды Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша "Open Kazakhstan" ЖШС ұйымдастырып отыр.

Аталған жобаның 3 күнге созылатын алғашқы кезеңінің ашылу салтанаты Кентау қаласы аумағындағы Шәммет ишан мешіт-медресісінде  өтті. Одан кейін ақпараттық турға қатысушылар 13 ғасырдан бері көктеп тұрған тұт ағашына барып, тарихымен танысты.

Алғашқы кезеңде облыстағы білікті БАҚ саласының өкілдері мен әлеуметтік желі белсенділері 2-4 тамыз аралығында облыстағы 15 қасиетті орынға сапарлайтын болады.

Шәммет ишан мешіт-медіресесі мен мың жылдық тұт ағашынан бастау алатын баспасөз туры Үкаша ата, Жылаған ата орындары мен  Сауран қалашығы, Есім хан кесенесі,  Әзірет Сұлтан кешені,  Яссы (Күлтөбе, Түркістан),  Әлқожа кесенесі, Гауһар ана кесенесі, Арыстан баб кесенесі, Отырар қалашығы, Қажымұқан Мұңайтпасов мазары сынды қасиетті орындарды аралаумен жалғасып, Ордабасы ауданындағы "Бірлік – Ордабасы" мемориалды кешенінде түйінделеді.

Журналистер мен желі белсенділері ашық аспан астында арнайы палаткаларда түнейді.

Ал жалпы осы баспасөз туры аясында, қатысушылар өңірдегі 40 киелі орынға саяхат жасап, жұртшылыққа насихаттайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу