Элизабет Тұрсынбаева Хельсинкидегі Әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, Қазақстанға әйелдердің жекелей өнер көрсету санаты бойынша Пхенчханда (Оңтүстік Корея) өтетін 2018 жылғы Олимпиаданың екі лицензиясы берілді, деп хабарлайды Спорт.кз.
Қазір мәнерлеп сырғанаушылар еркін бағдарламада өнер көрсетіп жатыр: Тұрсынбаева алтыншы орында келеді және ол қандай жағдайда да 9-шы орыннан төмен түспеуі керек. Осылайша 2018 жылғы Олимпиадада Қазақстан атынан бірден 2 мәнерлеп сырғанаушы бақ сынайды. Бұл тарихта тұңғыш рет болып отырған оқиға.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу