ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері қалалық сот орындаушылармен бірлесе отырып қылмыстық істер бойынша тәркіленген ойын терминалдарының жою шарасын өткізді, деп хабарлайды ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі
Іс-шара барысында соттың үкімі шыққан 13 қылмыстық іс бойынша 248 ойын терминалы жойылды.
Аталған ойын автоматтары, Алматы қаласында жүргізілген жедел іс-шаралары барасында тәркіленген.
"Ойын бизнесі туралы" заңға сәйкес, ойынханалар мен ойын автомат залдары арнайы белгіленген жерлерде ғана рұқсат етілген (Алматы облысы, Қапшағай су қоймасы жағалауында және Ақмола облысы Шучье ауданында). Еліміздің өзге өңірлерінде ойынханалар мен ойын автомат залдарына тыйым салынған.
ҚР ҚК 307 бабына (заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру) сәйкес, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру деректері үшін және ойын бизнесін орналастыруға ғимаратты жалға бергені үшін, қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.