Тәркіленген қарулар қалай жойылады?

431

Осымен тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған шарада 204 қару жойылды.  

Тәркіленген қарулар қалай жойылады? Фото: polisia.kz

Қызылордалық полицейлер тәркіленген қаруды жою амалдарын көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Полиция департаменті тәркіленген, табылған не ерікті түрде тапсырылған 238 қаруды, оның ішінде 236 тегіс ұңғылы, 2 газ әрі травматикалық қаруды қабылдады. Жойылуға жататын қаруларға жарамсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 204 қару Әскери және арнайы жабдықтау базасына өткізілді", - делінген хабарламада.

Қару-жарақты жою барысында оның ағаш не пластикалық бөліктері өртеліп, қалған бөліктері  балқытуға жіберіледі.

Заңсыз айналымнан алынған атыс қаруын жою осымен тоғызыншы рет жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні полиция қызметкерлері бекітілген тәртіпке сәйкес қалған 204 бірлікті жойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу