Тәркіленген қауіпті қарулардан кәдеге жарайтын материалдар жасалады

855

Тәркіленген қауіпті қарулардан кәдеге жарайтын материалдар жасалады

Оралда полиция қызметкерлері 137 қару-жарақтың көзін жойды. Атап айтқанда, аңшылық мылтығы, газ және травматикалық тапаншаларды арматура өндіретін зауытта балқытты. Сондай-ақ қылмыстық іс барысында тәркіленген 6 шолақ мылтық пен пневматикалық тапаншаның көзін құртты, деп хабарлайды khabar.kz.
Мұндай қару-жарақтарды зауытта балқыту арқылы, тегістеу шарларын жасап шығарады. Оларды тау-кен орындарында пайдалануға болады,  Ресей мен Беларусь еліне экспортқа шығарады. Осылайша, қауіпті қарулардан кәдеге жарайтын материалдар жасалады. 
"Мұндай шара жыл бойы өткізіліп тұрады. Халықта тіркелмеген немесе заңсыз сақталған қарулар, соның барлығы жойылып, мұның өзі негізі қылмыстың алдын алу, соған бағытталған шаралар", - дейді БҚО ІІД бөлім жетекшісі Ибрагим Жүсіпқалиев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу