Тәркіленген спирттен антисептик жасалады

1155

Өңірдің экономикалық қылмыстарды тергеу департаменті жергілікті кәсіпкерлерден 1 мың литрден астам спирт тәркілеген болатын.

 Тәркіленген спирттен антисептик жасалады

Қолдан арақ жасап сату мақсатымен Павлодарға әкелінген спирт өнімдерінен жергілікті ғалымдар антисептик шығара бастады, деп хабарлайды Atameken Business.

Тәркіленген спирт сараптамаға жіберіліп, сапасы жақсы екендігі анықталған соң ел игілігіне жарату жөнінде комиссиялық шешім қабылданды.

Айта кету керек, Павлодар – арақ-шарап зауыты жоқ еліміздегі жалғыз аймақ.  Сондықтан кейбір кәсіпкерлер спирттен арақ құйып, заңсыз жолмен ақша табуды кәсіпке  айналдырып алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу