"Тарсылдақ" сататындар тексеріледі

1079

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз ел арасында "тарсылдақ" аталып кеткен пиротехникалық өнімнің заңсыз саудасына қатысты мәлімдеме жасады.  

"Тарсылдақ" сататындар тексеріледі

Ол жаңа жыл мерекесі қарсаңында қалың көпшілік сақтық шараларын қаперден шығармауға тиіс екенін тілге тиек етіп, тұрғындарды мүліктеріне мұқият болуға, карантин талабы мен денсаулық сақтау ұйымдарының ережесін орындауға шақырды. 

Оның сөзінше, оқыс оқиғалардың алдын алу үшін сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді сату және оны адамдар көп жиналатын жерде пайдалануға жол бермеу  бойынша тексеру жүреді. 

"Полицейлер пиротехниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды", – деді Нұрділдә Ораз.

Бұдан кейін ол жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жауапкершілігі жайлы сөз қозғады. 

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер  жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға тиіс", – деді ресми өкіл.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу