"Тәртіп орнатыңыздар": Президенттің жол сапасына қатысты сынынан кейін Бектенов министрге тапсырма берді

148

Үкімет отырысы өтті.  

"Тәртіп орнатыңыздар": Президенттің жол сапасына қатысты сынынан кейін Бектенов министрге тапсырма берді Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов жол сапасына қатысты мәселе көп екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, республикалық жолдардың 11 мың шақырымынан астамы I және II техникалық санатқа ауыстырылды. Нәтижесінде қарсы бағыттағы соқтығысу қаупі азайды.

"Транзиттік көліктер елді мекендерді айналып өтетін 65 жол салынды. Көлік пен адам жүретін жолды бөлу үшін 38 жаяу жүргіншілер өткелі салынды. Қарсы бағыттағы көлік ағындарын бөлу үшін 1,5 мың шақырым жолда реконструкция жұмыстары жүргізілуде. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі – министрлік қызметінің басым міндеттерінің бірі және тұрақты бақылауда", – деді Нұрлан Сауранбаев.

Үкімет басшысы министрге тапсырма берді.

"Жол сапасы төңірегінде мәселе өте көп. Жуырда Мемлекет басшысы да қатты сын айтты. Тәртіп орнатыңыздар", – деді Премьер-министр Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу